Алдағы үш жылда Астананың 10 мың мемлекеттік қызметкері пәтер алады

Алдағы үш жылда Астананың 10 мың мемлекеттік қызметкері пәтер алады

24 августа 2018

158


Астана әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, қалалық қызмет көрсету саласының он мың қызметкерін баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы мұғалімдердің тамыз конференциясында Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды «Тілші». Elorda туралы ақпарат .

20 жыл ішінде Астанада мұғалімдер саны 3-тен 15 мыңға дейін 5 есеге өсті. Алдағы бес жылда жаңа мектептер мен балабақшалардың ашылуын ескере отырып, педагогикалық кадрларға деген қажеттілік тағы 5 мыңға жуық адамды құрайтын болады. Сондықтан қала әкімдігі мықты кадрларды тартып, оларға жақсы жағдай жасау бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылыммен бірге елорда кадрларға деген қажеттілікті сезінуде.

«Қала өсіп келеді және біз үшін барлық салада – полиция, мұғалімдер, дәрігерлер, өрт сөндірушілер және тағы басқалар бойынша білікті мамандар корпусын құру өте маңызды.

Мемлекет басшысының бастамасымен «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қалалық қызметтердің білікті мамандар корпусын құру мақсатында біз қалада арнайы қолдауды пысықтауды жоспарлап отырмыз, оның аясында алдағы 3 жылда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, Біз несиелеу механизмі бойынша қалалық қызметтердің бюджеттік сала қызметкерлеріне 10 мың пәтер беруді жоспарлап отырмыз, оның 3 мыңға жуығы мұғалімдерге беріледі деп күтеміз», — деп бөлісті Әсет Исекешев.

Әкімдіктің хабарлауынша, жатақхана құрылысы жоспарланып отыр, оның 350 орындық біреуі биыл пайдалануға берілмек, 200 орын мұғалімдерге де бөлінеді.

Соңғы 10 жылда тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мұғалімдерге 2500-ден астам пәтер бөлінді, деп атап өтті Астана әкімі.

Поделиться статьей:

24 августа 2018

158

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.