Құрық портының жұмысшылары үшін жатақхана салынды

Құрық портының жұмысшылары үшін жатақхана салынды

14 декабря 2017

878


Маңғыстау облысында Құрық портының жұмысшыларына арналған жатақхана ашылды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында тағы бір маңызды нысан пайдалануға берілді. Бұл стратегиялық маңызды нысан – Құрық портындағы жұмысын жалғастыратын ауылыңыздың еңбекшілеріне арналған жатақхана», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Құрық ауылындағы жатақхана 500 орынға есептелген. Бес қабатты жатақханада жұмысшыларға 2-3 адамға арналған жатын бөлмелер беріледі. Сондай-ақ, асхана, конференц-зал, демалыс бөлмелері және көліктерге арналған тұрақ бар. Әкім Ералы Тоғжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуінде Қарақия ауданының рөлі ерекше екенін атап өтті. Биыл ауданда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2,5 млрд теңгенің 23 жобасы аяқталды.

«Өздеріңізге белгілі, екінші кезең аяқталып, пайдалануға берілді. Құрық паром кешені. Жалпы, ағымдағы жылы порт 1,5 миллион тоннадан астам жүкті ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті. Келесі жылы бұл көрсеткіш 2 есеге артады деп күтілуде», — деді әкім.

Поделиться статьей:

14 декабря 2017

878

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.