Елорда әкімдігінде апта сайынғы кезекті жедел кеңес өтіп, онда үлестік құрылыс, зиянкестермен күресу, тәртіпті сақтау және көшелерді тазалау мәселелері қаралды.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың проблемалық мәселелері туралы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндады.
«Есіл-1» тұрғын үй кешенінің проблемалық нысаны пайдалануға беріліп, 162 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді, бұл 500-ден астам тұрғын белгіленген тәртіппен құқық белгілейтін құжат бере алады», — деді С.Хорошун.
Оның айтуынша, өткен аптада өңіраралық комиссияның отырысында 13 нысан қаралған.
Сондай-ақ, ол «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 4 шілдесінде «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті компаниясы «Карой Строй Маркет» жобалық компаниясы» ЖШС және «ЖСК ТК-Жағалау» тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойғанын айтты. Жағалау 4 тұрғын үй кешеніндегі проблемалық нысан (полигон 4).
Дереккөз: http://astana.gov.kz