Қазақстандағы ең тозығы жеткен ауруханалар қай жерде
Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардың тозығы жеткен өңірді атады.
Елдегі ғимараттардың жартысынан көбі апатты жағдайда. Tengrinevs.kz .
«Денсаулық сақтау желісін жаңарту қажет. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық ғимарат мемлекет меншігінде. Бұл ғимараттардың тозуы шамамен 55,8 пайызды құрайды. Өңірлерді егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, бізде Алматы облысындағы нысандардың тозуы ең көп, Астанада ең аз», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры Аслан Қинаятов.
Бұл мәселені Ақтөбе және Қарағанды облыстары көшбасшы болып табылатын мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту арқылы шешу жоспарлануда.