Инвесторларға Астанада құрылысы аяқталмаған 20-дан астам тұрғын үй кешені ұсынылды

Инвесторларға Астанада құрылысы аяқталмаған 20-дан астам тұрғын үй кешені ұсынылды

3 ноября 2017

881


Астанада 2017 жылы аяқталып жатқан құрылыстардың үшінші жәрмеңкесі өтті.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңке қала прокуратурасының «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасын қолдау аясында қала әкімдігімен ұйымдастырылды.

Жәрмеңке өтетін орындарда қала прокурорының талап-арызымен мемлекет меншігіне өткен елорданың аяқталмаған нысандарының құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар іздестіру және тарту жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлерге пайда табу үшін құрылысқа инвестиция салу, сондай-ақ бұрын құнын төлеген үлескерлерге дайын пәтерлерді бөлу үшін құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендері ұсынылады.

Жәрмеңкеде құрылысы аяқталмаған 21 нысан ұсынылды, оның ішінде Араби-2 тұрғын үй кешені, «Үміт-Береке» тұрғын үй кешені, Көктал-2 тұрғын үй кешені, «Комфорт территория-1» тұрғын үй кешені, Гранитный-1 тұрғын үй кешені, Гранитный-2», ЖК «Аниса-2 және 3», ЖК «Зере-1», ЖК «Зере-2», ЖК «Столичный-2», ЖК «Абат», ЖК «Алға» Тоқбұлақ», ЖК «Есіл-2», «Арыс» ЖК, «Рух» ЖК, «Магистральный-3», ЖК «Алтын рейд», ЖК «Баспана Көктал», ЖК «Жаңа Отан», ЖК «Арыстан», TK «Абайға 150 жыл».

Жәрмеңкеге 30-дан астам әлеуетті инвесторлар қатысты. Барлығы бұрын өткізілген жәрмеңкелердің қорытындысы бойынша инвесторлар мен қаланың тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арасында құрылысы аяқталмаған 6 нысан бойынша келісімдер жасалды.

Поделиться статьей:

3 ноября 2017

881

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.