Жатақханаларды салу және қайта жаңғырту кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?

Жатақханаларды салу және қайта жаңғырту кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?

11 сентября 2023

378


Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан жатақханаларды салу және қайта жаңғырту кезінде кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист жатақханада тұрудың орнына пәтер жалдау ақысы неге субсидияланбайды деп сұрады. Министрлік өкілі Ақерке Абылайхан мұндай жоспар жоқ деп жауап берді.

«Шынымен де, студенттер қазір жатақханаға орналастырылды. Университеттер қонақ үй және жатақхана иелерімен келісім-шартқа отырады. Мұндағы бірінші талап – бұл жатақханаларда тек студенттер тұруы. Бұл жатақханаларда тұру 30-60 мың теңге аралығында, әрине бұл арзан емес. Бірақ бұл пәтер жалдаумен салыстырғанда қолайлы», — дейді Ақерке Абылайхан.

Ол сондай-ақ мемлекет бизнес өкілдерін ғимараттарды салу және қайта жаңғыртуда қолдау шараларын қабылдап жатқанын айтты.

«Оларға шынымен де мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Өңірлерде 6 жыл ішінде жатақхана салу кезінде мемлекеттік тапсырыс әр балаға оқу жылы ішінде 150 АЕК (517 мың теңге) көлемінде өтеледі. Алматыда бұл сома 230 АЕК (793 мың теңге) құрайды. Жатақханалардағы ғимараттарды қайта жөндеуге де қолдау көрсетілуде: өңірлерде – 47 АЕК (162 150 теңге), Алматы және Астана қалаларында – 92 АЕК (317 400 теңге), деп қосты ол.

Поделиться статьей:

11 сентября 2023

378

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.