Инфрақұрылымдық құрылыстың келешегі қандай
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы инфрақұрылымдық құрылысты дамытудың келешегі туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетіне ерекше тоқталды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, сұхбаттың телевизиялық нұсқасы қазақстандық телеарналарда 25 желтоқсанда көрсетіледі.