Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша қай өңірлер көш бастап тұр?

236
Spread the love

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұрған өңірлер анықталды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйлерді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіші бірнеше өңірде байқалатынын айтты.

Атап айтқанда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу мен Абай өңірлерінде құрылыс-монтаж жұмыстарының айтарлықтай өскені тіркелді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6 пайызға артып, 18 өңірде оң динамика байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында барлығы 15 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Үкімет отырысында Әлібек Қуантыров биылғы жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға артқанын хабарлады. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Дегенмен, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің 8,4%-ға төмендеуі байқалады. Әсіресе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында айтарлықтай төмендеу байқалды.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров барлық 7 экономикалық индикатор бойынша өсім 5 өңірде байқалғанын айтты: Абай және Жетісу облыстарында, Қызылорда облысында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында.

Бөлісу: