Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік тұрғын үй алушылардың санаты кеңейтілді

281
Spread the love

Елордада қолжетімді баспанаға дәрігерлер мен мұғалімдерден бөлек, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де өтініш бере алады. Нұр-Сұлтанда әлеуметтік тұрғын үй алушылардың санаты кеңейтілді, деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылардың санатын кеңейттік. Енді дәрігерлер мен мұғалімдерден бөлек, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет және спорт қайраткерлері өтініш бере алады. Бұл қолжетімді баспана. Биыл барлығы мыңға жуық пәтер» , – деп жазды Көлгінов Instagram .

Іске асыру мәселелері Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен келісім бойынша бекітіледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-10-20» «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдауды бастады.

Кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары), Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілуде.

«Сонымен қатар алдағы жылдарға резерв дайындап жатырмыз. Елбасының тапсырмасы бойынша 2020 жылы қолжетімді баспана көлемі үш есеге ұлғайтылды» – деп қосты әкім.

2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша аз қамтылған отбасы баспаналы болады

 

Нұр-Сұлтанда 47 мыңнан астам адам коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұр. Пәтер алуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, сондай-ақ жетім және көп балалы отбасылардың басым құқығы бар.

Homsters в Telegram

Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше бағыты қарастырылған – 2020 жылы шамамен сегіз мың пәтер беру жоспарлануда.

Дереккөз: satelliteneshs.kz

Бөлісу: