Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы кепілдік берудің алғашқы электрондық шартына қол қойды

205
Spread the love

2024 жылғы 14 наурызда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Тұрғын үй порталы» АЖ-да (homeportal.kz) Заңды тұлғалардың жеке кабинеті (ЗТ) арқылы құрылысты аяқтауға кепілдік берудің алғашқы электрондық шартына қол қойды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында ҚТК іске қосқан ЗТ жеке кабинеті құрылыс салушыларға ҚТК-ның барлық көрсетілетін қызметтеріне орталықтандырылған қолжетімділікке мүмкіндік береді. Кепілдік немесе субсидия алуға өтінімдерді беру үшін кеңсеге барудың немесе қағаз нысандарын толтырудың қажеттілігінсіз толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады.

ЗТ жеке кабинетінің ҚТК құжат айналымының ішкі ақпараттық жүйесімен интеграциялануының арқасында құрылыс салушылар ҚТК жағынан өтінімдерді қарау және шешім қабылдау барысын бақылай алады.

ЗТ жеке кабинеті арқылы ҚТК қызметтерін алу шеңберінде шарттарға, сондай-ақ түрлі қосымша келісімдерге қол қою EGOV Business қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба немесе QR-код арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, ЗТ жаңа жеке кабинетінің функционалдық мүмкіндіктері ҚТК қызметтерін алу шеңберінде толық ашықтықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ құрылыс салушылар үшін уақыт пен ресурстарды айтарлықтай қысқартады.

Бөлісу: