«Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ (ҚФУ) Қазақстан қор биржасында ұзақ мерзімді 10 жылдық облигацияларды дебюттік орналастыруды өткізді. Орналастыру көлемі 10 млрд теңгені құрады.
Сауда-саттық нәтижелері бойынша орналастыру артық жазылумен толық көлемде жүзеге асырылды, осылайша ұзақ мерзімді инвестициялар үшін сенімді қаржы құралы ретінде ҚФУ облигацияларына инвесторлардың сұранысын көрсетті.
Он жылдық облигацияларды шығару ҚФУ-ға ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін нарықтық шарттарда «ұзақ» қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді облигациялар нарығына шығу ҚФУ-ға бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді тиімді және біркелкі бөлу мүмкіндігін береді.
Дереккөз: «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметі
