Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе жолдарын қайта жөндеу жұмыстары қашан басталады?

290
Spread the love

Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасады.

«Биыл облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ Атырау – Астрахань және Атырау – Ақтөбе республикалық жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар алдағы көктемге жоспарланған. Сондай-ақ, қаланың 207 көшесіне және қала маңындағы елді мекендерге жаңадан жол төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Олардың жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды», – деді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

2017 жылы облыста 86 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жол жөнделді. Сондай-ақ ауыл ішіндегі 267 шақырым жол төселді.

Бөлісу: