Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Алматы айналма жолының құрылысы қашан басталады?

271
Spread the love

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы 2018 жылы басталады.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы мен пайдалануы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі аясындағы жобалардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні тараптар келісім-шарттың барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге келді, келіссөздер аяқталу сатысында.

Келісімді жасасуды жеделдету мақсатында министрлік, консорциум және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Барлық дайындық және келіссөздер жұмыстары аяқталды. Желтоқсанның 5-іне дейін бұл жоба бойынша донор банктер өздерінің несие комитеттерін өткізеді деп жоспарлап отырмыз, ал 5 желтоқсанда концессия туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Бірден жұмылдыру жұмыстары басталады. Біз Келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай бұл учаскеде де құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз», – деді Қасымбек сейсенбі күні үкімет отырысында.

Жиында таратылған материалдарға сәйкес, құрылыс 2018-2021 жылдар аралығында жүргізіліп, жобаның құны 512 млрд теңгені құрайды.

Бөлісу: