Астана мен Алматыда жылу қашан қосылады?
Әкімдіктен келген жауапта Алматыда жылу беру кезеңінің басталуы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы тұрақты төмен +8 °C және одан төмен болған сәттен бастап берілетіні айтылған. Елордаға келетін болсақ, мұнда жылыту маусымының басталуы термометр бес күн қатарынан +10 градустан жоғары көтерілмеген соң қамтамасыз етіледі.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, оның ішінде білім беру мекемелері – балабақшалар, мектептер, сондай-ақ ауруханалар мен емханалар сияқты медициналық-әлеуметтік мекемелердің жылу жүйелері іске қосылады. Тұрғын үйлерді, соның ішінде пәтерлерді, жатақханалар мен қонақүйлерді жылыту соңғы уақытта басталады.
Айта кетейік, өткен жылы Астанада жылу беру маусымы 2 қазанда басталып, Алматыда үйлерге жылу беру 10 қазанда басталған болатын.