ҚТК Атырау қаласының құрылыс салушылары үшін семинар-кеңес өткізді

ҚТК Атырау қаласының құрылыс салушылары үшін семинар-кеңес өткізді

13 июня 2023

796


12 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Атырау қаласының әкімдігімен бірлесіп, қала кәсіпкерлері үшін құрылыс саласында семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында ҚТК Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев өз сөзінде тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері туралы айтты.

Алтай Куздибаев

Құрылыс салушылармен кездесуде ҚТК өкілдері бірыңғай оператордың кепілдігін қалай алуға, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қалай өтінім беруге  болатыны туралы айтып берді. Өтінімдерді онлайн-портал арқылы беру кезінде үлгілік қателер бойынша мәселелер және құрылыс салушыларды басқа да қызықтыратын мәселелер талқыланды.

Құрылыс салушылар кепілдік пен субсидия алуға өтінімдерді digital.baiterek.gov.kz онлайн-порталы арқылы беретінін атап өткен жөн, порталда өтінімнің мәртебесін үйден шықпай-ақ қадағалауға болады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде ғана жол беріледі. Қолданыстағы заңнаманы айналып өтумен жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады», — деді Алтай Күздібаев.

Сонымен қатар, заңның бұзылуына жол бермеу және ақпараттандыру мақсатында ҚТК БАҚ-та мақалаларды жүйелі түрде жариялап, үлескерлерді ескертеді. Қазақстанда ҚТК кепілдігімен, рұқсат құжаттарымен салынып жатқан нысандар туралы барлық ақпарат https://homeportal.kz тұрғын үй порталында орналастырылған.

 

 

Поделиться статьей:

13 июня 2023

796

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.