Елордалық көп балалы отбасыларға Екібастұздан пәтер берілді

Елордалық көп балалы отбасыларға Екібастұздан пәтер берілді

23 мая 2019

829


Екібастұзда төрт және одан да көп баласы бар отбасылар үш бөлмелі пәтердің кілтін алды.

Елордадан Павлодар облысындағы Екібастұз қаласына ондаған көп балалы отбасы қоныс аударды. Қазір олар «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша үш бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерге орналасуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қырықтан астам көп балалы отбасы Елордадан Екібастұзға көшуге дайын екендіктерін білдірді. Олардың Нұр-Сұлтанда жеке баспанасы жоқ. 17 отбасынан тұратын алғашқы топ мамыр айының басында көшіп келсе, осы аптада 18 отбасынан тұратын керуен аттанды.

«Бірінші лекте көп балалы отбасылар ғана болды. Қазіргі уақытта оларды жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Балалар мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылды. Бұл лекте 18 отбасы бар, оның 15-і көп балалы», — деді Айгүл Шабекова. Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы.

Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үш бөлмелі пәтер берілді. Үш баласы бар отбасылар екі бөлмелі пәтерге орналасады.

«Пәтерлер жақсы, кең, жарық. Біздің арманымыз орындалды. Енді бізге тек өмір сүру, тырысу, жұмыс істеу, балаларды оқыту және өмірден ләззат алу керек», — деді. көп балалы ана Рузалия Батырғалиева өз әсерімен бөлісті.

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Нұрлы Ертіс» бағдарламасына қатыса алады. Ол үшін қала әкімдігінің тұрғын үй қорына өтініш қалдыру қажет. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, 39 ғимарат (Жұмабаев даңғылынан кіреберіс) мекенжайында орналасқан.

Поделиться статьей:

23 мая 2019

829

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.