Ақтөбедегі тұрғын үй кооперативінің төрағасы үлескерлерді 2,9 миллиард теңгеден алдап кеткен.

Ақтөбедегі тұрғын үй кооперативінің төрағасы үлескерлерді 2,9 миллиард теңгеден алдап кеткен.

9 августа 2024

1484


Ақтөбе қалалық No2 соты Safina.kz тұрғын үй кооперативінің төрағасына қатысты үкім шығарды. 312 үлескерге келтірілген шығын 2,9 млрд теңгені құрады.

Ақтөбе қалалық No2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша Б.Т.Каримов пен А.М.Жарасхановқа қатысты іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, Safina.kz тұрғын үй кооперативінің төрағасы Б.Т.Кәрімов 2019–2022 жылдары «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативі үлескерлеріне Safina.kz тұрғын үй кешенін және төрт көпқабатты үй салуды өз мойнына алған. 312 үлескермен 2 933 352 400 теңге жинап, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Бірақ жұмысты аяқтамай, заңсыз тоқтатқан. Содан кейін «AktobeKazakhFinance» ЖШС директоры А.Б.Жарасханов Б.Т.Кәрімовпен келісе отырып, 2022–2023 жылдары «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативіне Safina.kz тұрғын үй кешені мен төрт үйдің құрылысын аяқтауға міндеттенді. Осы кезде 140 үлескерден 227 058 375 теңге өндірілді.

Ақтөбе қалалық No2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, А.Жарасханов екі учаскеде құрылыс жүргізбеген, екі учаскеде жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқып, 5 қабатты емес, 6 және 7 қабаттарды салған. Осылайша ол қосымша табыс алды.

— Б.Т.Кәрімовтің, А.М.Жарасхановтың кінәсі үлескерлердің айғақтарымен, құжаттармен, сот-құрылыс сараптамасы, қаржылық құжаттармен және нысанның құрылыс құжатымен расталады. Б.Т.Кәрімов өз кінәсін мойындады, А.М.Жарасханов мойындамады. Сот үкімімен Б.Т.Кәрімов пен А.М.Жарасханов кінәлі деп танылды. Б.Т.Кәрімов 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. А.М.Жарасханов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Поделиться статьей:

9 августа 2024

1484

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.