Нұр-Сұлтанның болашақтағы негізгі даму бағыттары аталды

Нұр-Сұлтанның болашақтағы негізгі даму бағыттары аталды

26 ноября 2019

244


Болашақта елорданың құрылысы қалай жүргізілетіні және бір мезгілде қандай да бір бөлек талаптар белгіленетіні туралы Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы ресми сауалға берген жауабында айтты. law.kz

Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта елорданы дамыту қаланың функционалдық аймақтары бойынша қала құрылысы регламенттері негізінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының абаттандыруға, қасбеттік дизайнға, жарықтандыруға, жарнамаға, көше жиһаздарына қойылатын жалпы ережелерді, нормалар мен талаптарды белгілейтін дизайн кодексінің жобасы әзірленуде. Дизайн кодын әзірлеу 2019 жылдың соңында аяқталады.

— Дегенмен, кешенді даму жоспары бар. Оның міндеті – қаланың белгілі бір бөлігін дамыту. Қала аумағының 13 мың гектары анықталды, ол инженерлік, жол, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл бес негізгі даму аймағы: Мыңжылдық аллеясы мен Нұрлы жол станциясы; Мәңгілік ел даңғылы; Тұран даңғылының батысы; Тельман ауылының оңтүстігі және Асан Қайғы көшесінің аумағын жөндеу, – делінген басқарманың ресми жауабында.

Сондай-ақ, шет аймақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Яғни, тек Нұржол бульвары мен Нұр-Сұлтанның бас алаңына немесе ескі орталықтағы қалалық алаңға ғана байлау болмайды. Бүкіл қала бойынша тартымды аймақтар әзірленетін болады.

Поделиться статьей:

26 ноября 2019

244

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.