Image
Ақтау
Бөлісу:

Ақтауда теңіз жағалауында негізсіз бөлінген учаскелер сот арқылы қайтарылмақшы.

434
Spread the love

6 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару басқармасы теңіз жағалауында орналасқан 21 жер телімін басып алу туралы сотқа талап-арыз бергені белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллиннің айтуынша, туризмді дамытуға арналған 21 жер телімінің негізсіз берілгені анықталған. Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару басқармасы сотқа жалпы көлемі 43 гектар жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен жүгінді.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жер телімдерін беруде ашықтықты сақтауды тапсырды.

– Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жер телімдерін беру бойынша негізсіз қабылдаған шешімдері өңірдегі кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына кері әсерін тигізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бізге өңірдің экономикалық және әлеуметтік ахуалын кешенді түрде дамыту, орта және шағын бизнесті дамытуға тең жағдай жасау қажет. Жерді беруде мұндай шектен шығудың алдын алу қажет, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Мәселен, облыста кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қорғау жобасы аясында 86 кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері қаралып, оның 58-інде проблемалық мәселелер жойылды. Сондай-ақ, 208 кәсіпкердің құқығы мен мүддесі қорғалған.

Өткен жылы төрт сыртқы сараптама жүргізіліп, 102 ұсыныс жасалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша 13 іс-шара жүргізілді, анықталған тәуекелдер бойынша 51 ұсыным берілді. Қылмыстың алдын алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибесі де күшейтілді.

Бөлісу: