2018 жылы Балқаш қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша 100-ге жуық пәтер кезекте тұр

2018 жылы Балқаш қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша 100-ге жуық пәтер кезекте тұр

14 июня 2018

156


Қалада 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 45 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 1022 адам тұр. Оларды пәтермен қамтамасыз ету үшін 43 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Биыл Қоңырат ықшамауданындағы Зайцев көшесі, 18а және Русакова көшесі, 10 бойындағы 4200 шаршы метрлік екі 48 пәтерлік тұрғын үй қалпына келтіріледі», — деді Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин.

Өткен жылы қала кәсіпкерлерінің жеке инвестициясы есебінен кезекте тұрғандар үшін 60 пәтерлік тұрғын үй, Сейфуллин көшесіндегі 27 пәтерлік тұрғын үй қайта жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Бұл үйден бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жеті пәтер бөлінген.

Бұл ретте балқаштықтар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне белсене қатысуда. Бүгінгі күні 3500 балқаштық тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшот ашты.

Олар үшін Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жайлылықтың үшінші класындағы 45 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Александр Аглиулиннің айтуынша, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 2017 жылы қалада 5885 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл ретте, 2019 жылы кезекте тұрғандар үшін тағы екі 45 пәтерлік арендалық тұрғын үй салу жоспарлануда, олардың жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Сондай-ақ, 2017 жылғы бюджетті атқару қорытындысы бойынша қаланың бірінші кезектегі тұрғын үй-коммуналдық-әлеуметтік мәселелерін шешуге 600 млн.

Жалпы, 2018 жылы әлеуметтік салаға жұмсалған қаржының үлесі жалпы бюджеттің 55 пайызын құрап, 5 млрд.

Дереккөз: http://www.balkhash.gov.kz/

Поделиться статьей:

14 июня 2018

156

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.