Тұрғын үй кешенінің құрылысын банктерге тапсыру туралы ұсыныс жасалды

Тұрғын үй кешенінің құрылысын банктерге тапсыру туралы ұсыныс жасалды

1 декабря 2017

822


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға екінші деңгейлі банктерді белсенді тартуды ұсынып отыр.

«Өткен аптада біз Шығыс Қазақстан облысында болдық. Даниал Кенжетайұлы (Ахметов, ШҚО әкімі) баспананы неге қаржыландыруымыз керек дейді? Екінші деңгейлі банктерге беріңіз. Бұл екінші деңгейлі банктер жасай алатын ең қарапайым жұмыс. Әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау көрсетеміз десек, оларға арзан ипотека берейік. Тұрғын үй құрылысына кім жауапты? «Самұрық-Қазына» (Ұлттық әл-ауқат қоры). Тұрғын үй салу оның мандаты ма? «Бәйтерек» холдингі – бұл оның мандаты ма? Ол бізде тұрғын үй құрылысымен айналысса, экономиканы әртараптандырумен айналысуы керек», — деді Тимур Құлыбаев палата төралқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, бизнес Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ұстанымымен келіседі.

«Осылайша, біз жеке бизнес құруға болатын аумаққа көтеріліп жатырмыз. (…) Біз сіздермен халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана алуда қалай қолдау көрсетуге болатынын, бұл адамдар үшін ипотеканың құнын қалай төмендетуге болатынын талқылауымыз керек. Құрылысқа жұмсайтын қаражатымыз «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және әкімдіктер арқылы «көміліп» жатыр, біз коммерциялық банктерге жұмыс істеуге мүмкіндік бере аламыз — не пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз, не ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін төмендетеміз», — деді ол.

Поделиться статьей:

1 декабря 2017

822

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.