Image
Ақтөбе
Бөлісу:

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы тұрғын үйлер отандық құрылыс материалдарынан салынған

333
Spread the love

В Актюбинской области строятся более 500 домов. Большая часть строительных работ близится к завершению. Подрядчики отдали предпочтение отечественным строительным материалам.

 

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз, Қобды, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қобды және Мұғалжар аудандарында құрылыс аяқталуға жақын.

— Қазіргі таңда Жағабұлақ ауылында 9, Бірлік ауылында 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Екі ауылдағы тұрғын үйлердің құрылысын «Айлин Строй Проект» ЖШС жүргізуде. Қолданылатын құрылыс материалдары отандық өнім. Пластикалық терезелер, ауладағы брусчатка Ақтөбеден, қоршаулар Қостанайдан. Іргетас пен қабырғаларды тұрғызуға қажетті блоктар мен кірпіштер Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласынан әкелінді. Ішкі жұмыстар аяқталды, барлық қажетті құрал-жабдықтар орнатылды», – дейді учаске басшысы Мерген Қанайбеков.

Темір ауданы, Құмсай ауылында 21 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылысқа екі мердігер жауапты.

— Біз салып жатқан 12 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталды. Құрылысқа қажетті экотонды блоктар мен кірпіштер толығымен жеткізілді. Абаттандыру жұмыстарымен қатар инженерлік инфрақұрылым да ретке келтірілуде. Үйлерді осы айдың ортасында пайдалануға бермекпіз», – дейді «Мұғалжар құрылыс строй» ЖШС учаскесінің меңгерушісі Алтай Еренов.

Әйтеке би ауданында үйлердің біразын «Ерейментау» ЖШС салып жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстары 20 мамырда басталған. Қазір жұмыс аяқталып, іске қосу рәсімі жүріп жатыр.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында тұрғын үйлердің құрылысын 50 мердігер ұйым жүргізіп жатыр. Тұрғын үй құрылысына қаражатты BI Group компаниясы, «Қазақстан халқына» қоры, ERG компаниялар тобы және Болат Өтемұратов атындағы қор бөлді.

Дереккөз: i

nform.kz

Бөлісу: