Алматының орталығында тағы 2 учаскеде ақылы автотұрақ пайда болады

212
Spread the love

Алматыдағы Гоголь көшесінің тағы екі бөлігіндегі көлік тұрағы ақылы болады.

«Алматы СпецТехПаркинг» ЖШС хабарлауынша, қаланың орталық бөлігіндегі Гоголь көшесінде екі жаңа ақылы автотұрақ пайда болады.

«Ақылы тұрақтардың бірінші бөлігі Гоголь көшесінің бойында, Зенков көшесінен Назарбаев даңғылына дейін орналасқан және №1001 автотұрақ аймағына жатады. Екінші учаске Гоголь көшесінің бойында Абылай хан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін орналасқан және №1002 автотұрақ аймағына жатады. Барлық бөлімдер ақпараттық тақталармен және ескерту белгілерімен жабдықталған. Аумақта паркоматтар орнатылды», – деп хабарлайды ЖШС.

Еске салайық, Алматыда ақылы тұрақ ретінде белгіленген аумақтарда бір сағат тұрақ құны 100 теңгені құрайды.

Бөлісу: