«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 3275 отбасы жеңілдетілген несие алды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлығы 5 мыңға жуық несие өтінімін қабылдады. «Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (754 өтініш қабылданды), Алматы (591 өтініш қабылданды) және Ақтөбе (498 өтініш қабылданды) облыстарының тұрғындары белсенді түрде қатысады.
Берілген өтінімдердің тағы 1161-і мақұлданды. Демек, «Бақытты отбасына» қатысушы бұл отбасылар қазірдің өзінде жеке баспана іздеп жатыр. Ол үшін 3 ай уақыт беріледі. Бастапқы және қайталама нарықта немесе жеке үйден пәтер сатып алуға болады. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақта сатып алу керек.
Қоныс тойлары негізінен Нұр-Сұлтан (600 несие берілді), Алматы (422 несие берілді) және Ақтөбе (355 несие берілді) облыстарында өтті.
«Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы толығырақ ақпаратты банктің веб-сайтында мына сілтемені басу арқылы білуге болады. сілтеме .