«Жана Баспана» бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 13 мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болды
Бағдарламаға қатысу шарттары өте қарапайым. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне мүше болу үшін «Отбасы банкінен» арнайы депозит ашып, белгілі бір мерзімнен кейін жылдық 3,5%-дан 8%-ға дейінгі мөлшерлемемен несие алу қажет. Есепшотта тұрғын үй құнының 50%-ы жинала салысымен, қатысушы елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй заемына өтініш бере алады.
«13 мыңға жуық әскери қызметкер біздің барлық қолданыстағы бағдарламаларымыз бойынша несие алды», – деп түсіндірді банк өкілі.