Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Коммуналдық шығындарды азайту үшін берілетін тұрғын үй көмегі

272
Spread the love

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығындарын азайту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында шығындарды ішінара өтеу қарастырылған.

Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 17 мың отбасына 372 миллион теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілді. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында өтемақы мөлшері мен оған өтініш білдірген адамдар шеңберін ұлғайтатын өзгерістер енгізілді.

Мұқтаж азаматтардың коммуналдық шығындарын өтеу үлесі республика бойынша орта есеппен 52,8%-ды құрады. Бұл тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен төленеді және тағайындаудың жалпы ережелері де айқындалған.

https://info.homsters.kz/krisis-stroitelnoj-otrasli-prognoziruyut-eksperty-v-kazahstane/

Айта кетерлігі, азаматтар шығыстарының рұқсат етілген шекті деңгейінің мөлшерін және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жергілікті мәслихаттар бекітеді. Мәселен, соңғы 4 жылда әкімдіктердің мәліметінше, 174 мыңнан астам абонентке жалпы сомасы 5 млрд теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Бұл ретте бір аз қамтылған отбасының (орта есеппен 4 адам) табысы бір адамға шамамен 25 798 теңгені, бір отбасына 103 192 теңгені құрауы тиіс.

Бөлісу: