Елбасы «Бәйтерек» холдингінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Елбасы «Бәйтерек» холдингінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

31 октября 2023

727


Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады, деп хабарлайды info.homsters.kz, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің 2023 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары, соның ішінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласын қолдау, сондай-ақ халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына ұсынылған мәліметтерге сәйкес, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі 511 млрд теңгені құрады, жалпы несие сомасы 1 трлн теңгеге жуық шағын және орта бизнестің 18,1 мың жобасы қолдау тапты. Ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау 447 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 811,2 мың ш.м. тұрғын үй, 47 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау және цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да баяндалды. Екі жыл ішінде «Бәйтерек» экономиканың шикізаттық емес секторын қолдау көлемін екі есеге арттырмақ. Өңдеу өнеркәсібі жобаларын несиелендіруге инвестиция тарту және коммерциялық банктерді тарту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Ішкі нарықты қанықтыру және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында тамақ өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламалары іске қосылады, толыққанды экспорттық несие агенттігі құрылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде холдингтің тұрғын үй бағыты моноқалалардың, аудан орталықтарының және ауылдардың тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып қайта құрылатын болады.

Нұрлан Байбазаров холдингтің еншілес компанияларының барлық қызметтерін цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсуді қолдау мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың жаңа тәсілдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің қызметін жақсарту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Поделиться статьей:

31 октября 2023

727

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.