Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының бұрынғы шенеуніктері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.
Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қорғалжын тас жолының оңтүстігінде автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу» нысанын салуға және пайдалануға беру үшін бөлінген 200 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру, – деп атап өтті департаментте.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Дереккөз: law.kz
