ЭКСПО аумағында автотұрағы бар тұрғын үй-жайларды сату 2018 жылдың 1 маусымынан басталады.
2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сатуды бастайды.
Пәтерлер мен автотұрақтар нарықтық шарттармен сатылымға шығарылады.
«2016 жылы Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде шетелдік делегация мүшелерінің тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысы Ұлттық қор қаражаты және жобалық компаниялардың инвестициясы есебінен жүргізілді. Тұрғын үй құрылысына мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны қайтару жылжымайтын мүлікті нарыққа сату арқылы қамтамасыз етіледі», – деді «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Усербаев.
Кез келген адам ЭКСПО тұрғын орамынан пәтерді автотұрақпен бірге өз қаражаты есебінен де, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиесі немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй несиесі арқылы да сатып ала алады. Қазақстан».
А.Усербаев атап өткендей, ЭКСПО тұрғын үй нысандарын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта әзірлену және сынақтан өту сатысында тұрған Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдерді қабылдау жоспарлануда.
Жақын арада жылжымайтын мүлік объектілерін сату құны тәуелсіз консалтингтік компанияны тарта отырып анықталады.
Анықтама: 2014 – 2016 Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландырды. 110,7 мың шаршы метр аумақты құрайтын тұрғын үй орамы Lux Nedvizhimost Group және BI Group компанияларымен серіктестікте салынған.
Бәйтерек девелопмент» АҚ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын өтеу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады. Компания Қазақстанда несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.
Дереккөз: http://bayterekdevelopment.kz/