Жақын арада «Баспана» компаниясы кез келген қазақстандыққа «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндіктерін онлайн режимінде қашықтықтан бағалауға мүмкіндік беретін «Алдын ала біліктілік» жобасын іске қосады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Tengrinevs.kz .
Бұл несие алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы 7 банк арқылы жүзеге асырылуда. 8 қарашадағы жағдай бойынша банктер 35 млрд теңгеге 2900 өтінішті мақұлдады.
«Ұлттық банк тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы республикалық және өңірлік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып отырады, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығы жұмыс істейді», — деді Ақышев.