Республика күні Абай ауданында кезекте тұрғандарға жаңа пәтер кілттері табыс етілді

Республика күні Абай ауданында кезекте тұрғандарға жаңа пәтер кілттері табыс етілді

26 октября 2023

568


Абай ауданы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері 20 жаңа пәтердің кілтін алды.

Ысқақова көшесінде тұрғын үй салынды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысты. Пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқынының арта түсетінін атап өтті.

«Халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін кешенді жоспар қабылданып, жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады.Біз тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруды жоспарлап отырмыз.«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында. Қалбатау ауылында бес үй салынуда.Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде баспанамен қамтылған азаматтардың саны артуда.Шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толсын»,-деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың баспана мәселесін шешуге баса назар аударуда.

Ауыл тұрғыны Т.Әубәкіров пәтер иелері атынан билікке алғысын білдірді. Құрылыс мекемесінің басшысы Д.Исабаева да құттықтау сөз сөйледі. Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері З.Таңатаров тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, батасын берсе, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Дереккөз: baigenews.kz

Поделиться статьей:

26 октября 2023

568

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.