Image
Алматы
Бөлісу:

1 шілдеден бастап Алматыда суық су мен кәріз тарифтері көтеріледі

439
Spread the love

«Алматы су» МКК мәліметінше, Алматыда 1 шілдеден бастап суға – 1 м3 үшін 55,2 теңге және кәрізге – 1 м3 үшін 29,76 теңге тарифтерінің жаңа деңгейлері күшіне енеді.

Сонымен қатар, су және кәріз қызметтері тарифінің 15%-ға өзгеруі бір пәтердің ай сайынғы коммуналдық төлемдерінің сомасын – орташа есеппен 150 теңгеден кем көтеретіні атап өтілді.

Алматыда соңғы рет су тарифі тек 2014 жылы ғана көтерілген – текше метрі 55 теңгеге дейін. Содан бері, соңғы 9 жылда ол тек төмендеп, бүгінде 1000 литрі 48 теңгеге жетпейді. Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 54,4%-ды құрауына байланысты 3607 шақырым құбырдың 2033 шақырымын кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттілігі туындады. Кәріз желілерінің тозуы 57,4% құрайды, сондықтан 1017 км қайта құруды қажет етеді.

Кәсіпорынның жөндеу қоры толығымен су және кәріз тарифтерінің деңгейіне байланысты, бұл Алматыда республика бойынша ең төменгі тарифтердің қатарында. Сондықтан «Инвестицияларға айырбас тарифтері» мемлекеттік саясатын жүзеге асыру су тазарту қондырғыларында, кәріздік тазарту құрылыстарында және сорғы станцияларында инженерлік желілер мен қажетті жабдықтарды ауыстыруға көбірек қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде желілердегі апатты жағдайларды азайтып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Заңды тұлғаларға келетін болсақ, олар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің өсуі 69,2%, ал кәрізге – 89,4% құрайды. Кәсіпорындардың өндірістік шығындарында суық су мен кәріздің шағын үлесті алатынын ескеру маңызды. Осыған байланысты заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау және су бұру үшін жаңа тарифтердің деңгейі тауарлар мен қызметтердің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді.

Бөлісу: