Сапарбаев жетім балаларға пәтер кілттерін табыс етті

Сапарбаев жетім балаларға пәтер кілттерін табыс етті

27 февраля 2018

883


Ақтөбедегі Шығармашылық академиясы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өңірде жарияланған бала жылын ресми түрде бастады.

Бала жылы аясында әкім жетім балаларға үш пәтер берді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Әсел Уразбаева, Медет Махамбетов және Лариса Захарова «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы бір бөлмелі пәтердің кілтін алды. Олар бірнеше жылдан бері баспана кезегінде тұрған.

«Біз, ересектер, балалардың бақытты өмір сүруі үшін барлығын қамтамасыз етуіміз керек. Балалардың дені сау болып, спортпен, өнермен, мәдениетпен айналысуына, лайықты білім алуына жағдай жасауымыз керек. Біздің балаларымыз АҚШ, Еуропа және Азиядағы құрдастарымен қатар жүруі керек, олар дарынды және соған лайық. Осыған орай биылғы жылды бала жылы деп жарияладық», — деді әкім.

Сондай-ақ әкім «Бала жылы» аясында облыста ауқымды іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың, оның ішінде «Артек» сынды оқушыларға жыл бойы жұмыс істейтін лагерьлердің құрылысы жүргізілетінін айтты.

Поделиться статьей:

27 февраля 2018

883

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.