Image
Ақтөбе
Бөлісу:

Шахтерлер жеңілдетілген бағдарламамен баспаналы болды

165
Spread the love

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері жаңа пәтер алды. Бұл – Хромтауда компанияның тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған осымен оныншы үй. Бағдарлама шарттарының арқасында кеншілер өздері қалаған шаршы метрді бастапқы жарнасыз және ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен сатып алды.

– Комбинатқа жұмысқа орналасқан соң, бірден алдыма мақсат қойып, тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке тұрдым, – деп қуанышымен бөлісті теміржол цехының жүк тиеушісі Сәндіғали Төремқұлов. – Төрт қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкемін.  Үлкен қызым – студент, кенжем сегіз жаста. Бұған дейін ата-анамның үйінде тұрдық. Балаларым қазір менен де бақытты екендерін айтып жүр.

Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері ERG басшылығы мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арасында жасалған келісімшарт бойынша пәтерлеріне ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен (3,1%) қол жеткізген.

Жаңа заманауи бес қабатты үйдегі пәтерлердің көбі екі бөлмелі. Бұл жастар үшін ыңғайлы болса, көпбалалы отбасыларға үш бөлмелі пәтерлер де бар. Барлық пәтерлер толығымен дайын күйінде тапсырылды. Аулада балалар ойын алаңы, теннис үстелі мен әткеншектер, кір кептіру кешені орнатылған. Мердігер компания жақын арада ауланы абаттандыру, қосымша жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, су ағызу жүйесін салып беретіндерін айтты.

Салтанатты кілт табыстау шарасында жаңа үй иелеріне компанияның кәсіподақ ұйымының атынан қысқатолқынды пештер мен тәтті тарту және естелік сыйлықтар табысталды.

–  Ең бастысы, әріптестеріміз баспаналарын қолжетімді бағада алды. Өз шаңырағыңның болуы балалы болғаннан кейінгі екінші бақыт деп ойлаймын, – деді «Қазхром»ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев. – ERG-дің әлеуметтік бағытының арқасында қызметкерлеріміздің өмірін жайлы әрі бақытты ете алатынымызға  қуаныштымын. Жаңа үйлеріңізде жаңа бақытқа кенеліп, балаларыңыз тек қуанышта өссін!

Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов компанияның тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері комбинаттың 500-ге жуық отбасы жеке баспаналарына қол жеткізгенін атап өтті. Үйлі болғандар қатарында «Қазхромның»  негізгі мамандық иелері, тапшы мамандық өкілдері, болашағы зор жас қызметкерлер мен көпбалалы отбасылар бар.

Осыдан бір апта бұрын «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалдарының бірі – Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары да пәтер иесі атанып, қоныстойларын тойлаған болатын. Компания Павлодар облысындағы металлургтер қаласында жетінші үйді салып берген.

Қосымша ақпарат үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

Ақтөбе қ., «Қазхром» ТҰК» АҚ

Корпоративтік коммуникация қызметі

т.  +7 701 566 13 60

Ирина Сычина

Irina.Sychina@erg.kz

«Қазхром» ТҰК» АҚ  жайында

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің толық циклы болып табылады. Компания жылына 5,2 млн. тонна хром кенін және 1,7 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдарды біріктіреді: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы  (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы)  және  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).

Бөлісу: