Үкіметте өткен брифингте ҚР Индустрия және құрылыс министрі қызметін атқарып жүрген Қанат Шарлапаев су басқан аймақтарда жаңа тұрғын үй салу жоспарын түсіндірді.
Оның айтуынша, алдын ала есептеулер көрсеткендей, мұндай тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу үшін 281 мың теңге инвестиция қажет. Шарлапаев құрылысты қаржыландыруға жергілікті бюджет қаражаты да, республикалық бюджет қаражаты да бағытталатынын баса айтты. Ол 80 шаршы метр үй құрылысы 22 миллион теңгеге бағаланғанын мысалға келтірді.
Қанат Шарлапаев сондай-ақ зардап шеккен үйлердің нақты саны белгісіз екенін, бірақ әрбір жаңа үйдің бағасы бірдей болатынын айтты.