2020 жылы Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға қанша пәтер беріледі

2020 жылы Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға қанша пәтер беріледі

31 января 2020

218


Жыл соңына дейін бюджет қаражаты есебінен 11 мың пәтер, демеушілік қаражат есебінен тағы 2 мың пәтер пайдалануға берілмек.

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға 13 мыңға жуық пәтер беріледі. Оның 11 мыңы бюджет есебінен, тағы екі мыңы демеушілік қаражат есебінен. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды «Тілші». Sputnik Қазақстан .

Оның айтуынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі республика үкіметінің басым бағыты болып табылады.

Өткен жылы Қазақстан пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша рекорд жаңартты – 95 мың қазақстандық көптен күткен шаршы метрді алды.

Сапарбаевтың айтуынша, үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау жұмыстарын жалғастыруда.

«2020 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 11 мыңға дейін, ал демеушілердің көмегімен екі мыңға дейін пәтерді пайдалануға береміз», – деп хабарлады вице-премьер.

2018 жылдан бері Қазақстанның әр өңірінде көп балалы аналар, сондай-ақ аз қамтылған отбасы өкілдері баспана беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингілерге шығып жатыр. Елордадағы наразылық акциясына мүгедек балалардың аналары да қосылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке әлеуметтік төлемдер мәселесін шешуді және мұқтаж азаматтарды қысқа мерзімде баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Дереккөз: ru.satelliteneshs.kz

Поделиться статьей:

31 января 2020

218

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.