Image
Алматы
Бөлісу:

ҚазҚСҒЗИ мамандары Алматыдағы 14 қабатты тұрғын үй кешеніне вибродинамикалық сынақ жүргізді

203
Spread the love
Салынып жатқан ғимарат сынақ нәтижесі бойынша 9 баллдық соққыға төтеп берді.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты Алматы қаласындағы 14 қабатты тұрғын үй кешенінің вибродинамикалық және статикалық сынақтарын жүргізді. Ғалымдар көпқабатты монолитті ғимараттың ықтимал жер сілкінісі кезіндегі әрекетінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін бағалауға тырысты, деп хабарлайды info.homsters.kz Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдық жүйелері, сондай-ақ жаңа материалдар мен конструкциялар құрылыста жаппай қолдану алдында тиісті эксперименттік тексеруден өтуі тиіс талаптар шеңберінде жұмыс істеді. Ол үшін институт сынақ жобасының есептелген мәліметтерін мұқият зерттеді.

Сынақтар бірнеше кезеңде өтті, ал жүктеме әрбір жаңа кезеңмен өсті. Ұзақ уақытқа созылған беріктік сынақтарының нәтижесінде салынып жатқан тұрғын үй 9 баллдық соққыға төтеп берді. Мамандар, инженерлер мен құрылысшылар не болып жатқанын бақылап отырды.

«Біздің міндетіміз – ғимараттың динамикалық параметрлерінің нақты мәндерінің жобалық көрсеткіштерге сәйкестік дәрежесін анықтау және оларды қолданыстағы нормативтік талаптармен салыстыру. Мұндай сынақтар біздің стандарттарымыздың дұрыстығын бағалауға және қажет болған жағдайда оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы салалық стандарттар басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы», – дейді ҚазҚСҒЗИ-ның көпқабатты үйлердің сейсмикалық төзімділігі зертханасының меңгерушісі Жасұлан Омаров.

 

 

Бөлісу: