Алматыда әлеуметтік қордан берілетін пәтерлердің құны өспейді

Алматыда әлеуметтік қордан берілетін пәтерлердің құны өспейді

5 марта 2021

774


«Отбасы банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова әлеуметтік қордан берілетін пәтерлердің құны өспейтінін айтты.

Қаладағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы онлайн брифингте ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік баспананың енгізіліп жатқанын айтты. Сәйкесінше, бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы да бекітілген.

«Бағаның өсуі күтілмейді. Бүгінде Алматы қаласында «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй, сондай-ақ несиелік тұрғын үй бағасы 240 мың теңгеге дейін барады. — «Отбасы Банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова.

«Шаңырақ» бағдарламасының шарттары: тиімді мөлшерлеме – жылдық 5%, бастапқы жарна – 10%, несиенің максималды мерзімі – 20 жылға дейін, несиенің максималды сомасы – 18 млн теңгеге дейін. LEB кезегінде тұрғандардың барлық санаттары қатысуға құқылы.

2020 жылы Алматыда 2926 отбасы баспаналы болды. Биылғы жылы әкімдік 8 мыңнан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, оның ішінде: СУСН – 427; көп балалы отбасылар – 452; «Шаңырақ» – 3578, несиелік тұрғын үй – 1411; «Алматы жастары» — 1000; жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй – 1050; «Бақытты отбасы» – 374.

Дереккөз: law.kz

Homsters в Telegram

Поделиться статьей:

5 марта 2021

774

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.