Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,4% құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру жылдық жоспарға 100,4% құрады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Республика бойынша барлығы 151 192 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 41 250-і жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция 2,4 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға жоғары.
«Барлық өңірлерде тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі артты. 2021 жылы көшбасшылар болып Маңғыстау (119%), Ақмола (115,8%), Жамбыл (112,9%) және Павлодар (112,3%) облыстары, сондай-ақ Алматы (116,6%) және Шымкент (116,1%) қалалары тұр. Бұл ретте оң динамика Қарағанды (98,5%) және Қызылорда (93,8%) облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады», — деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Дереккөз: inform.kz
Сонымен қатар оқыңыз:
https://info.homsters.kz/samye-populyarnye-novostrojki-v-almaty-za-2021-god-rating-homsters-kz/
