2017 жылы БҚО-да 1,4 мың пәтер пайдалануға беріледі

2017 жылы БҚО-да 1,4 мың пәтер пайдалануға беріледі

14 декабря 2017

458


2017 жылдың соңында Батыс Қазақстан облысында 1424 пәтер пайдалануға беріледі: тоғыз көпқабатты тұрғын үй (1255 пәтер) және 143 ауылдық тұрғын үй (169 пәтер).

Жалпы, мұнда 10 айда жылдық жоспар артығымен орындалды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына тоқталатын болсақ, қаржының басым бөлігі қалалық секторда және ауылдық жерлерде көпқабатты үйлерді салып, пайдалануға беру үшін бөлініп, жұмсалды.

«2017 жылға пайдалануға беру жоспары 278,1 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен 77,7 мың шаршы метр тұрғын үй. 10 айда барлық қаржыландыру көздері есебінен 313,91 мың шаршы метр пайдалануға берілді, оның 57,2 мың шаршы метрі немесе 790 пәтер мемлекет қаражаты есебінен қаржыландырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 14,6 млрд теңге бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 12,7 млрд теңгесі ауылдық жерлерде 14 көппәтерлі қалалық және 188 тұрғын үй құрылысына бөлінді. Қалған 1,9 млрд теңге 15 инженерлік-коммуникациялық нысанның құрылысына тұрғын үй құрылысын дамыту аудандарының инфрақұрылымы», — деді Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Арман Үксікбаев.

Тұрғын үйлер әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен салынуда. Мәселен, «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісінің бойында төрт үй салынуда. Оның үшеуі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына арналған (504 пәтер), бір үй «ҚИК» ИО» АҚ үшін (180 пәтер) салынып жатыр. «Тұрғын үй құрылыс жинақтарына қатысушыларға арналған тұрғын үй» (691 пәтер) желісі бойынша алты тұрғын үй салынуда. Орал қаласында екі көпқабатты тұрғын үй және ауылдық жерлерде 14 тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар, апатты үйлердің тұрғындары үшін, 396 пәтер), тағы екі көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық жерлерде салынып жатыр. Ауылдық елді мекендерде кезекте тұрғандар үшін 174 үй (493 пәтер).

Жұмыс барысында 1257 жұмыс орны ашылды.

Поделиться статьей:

14 декабря 2017

458

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.