Ақтөбеде баспана кезегінде тұрған өлілер табылды

Ақтөбеде баспана кезегінде тұрған өлілер табылды

28 августа 2024

1054


Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй кезегін уақытылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жасап, көптеген кемшіліктерді анықтады.

Қадағалау органы басқа өңірлерге тұрақты тұру үшін қоныс аударған, еңбек қатынастары тоқтатылған, баспанасын жекешелендіріп алған жүзден астам азаматтың пәтер алу кезегінде әлі де бар екенін анықтады.

«Сонымен қатар, мұқтаж азаматтармен қатар кезекте тұрған қайтыс болған 11 азаматтың тұрғаны туралы фактілер анықталып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдері түгенделді. Аталған фактілер бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан прокурорлық қадағалау актісі жасалып, аталған заң бұзушылықтар жойылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Поделиться статьей:

28 августа 2024

1054

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.