Image
Алматы
Бөлісу:

Алматыда жыл ішінде құрылыс нысандарына 1074 жоспардан тыс тексеру жүргізілген

408
Spread the love

Өткен жылы Алматы қаласының құрылысын бақылау департаменті заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін соттарға 174 талап-арыз жіберген. Оның 81-і қанағаттандырылды, 93-і қаралуда, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте 86 талап арыз бұзуға жолданды, 41 талап арыз бойынша оң сот шешімі шығарылды, 45-і қаралу үстінде. Ұйғарымды орындауға 88 талап арыз жолданды, оның ішінде 40 талап арыз сотпен қанағаттандырылды, қалғаны қаралу үстінде. Нәтижесінде 22 нысанда бұзу жұмыстары жүргізілді.

Басқарма 2023 жылы бақылау функциялары аясында 1074 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, атап айтқанда, азаматтардың өтініштері бойынша 1140 заң бұзушылықты анықтады.

Бұзушылықтарды жою туралы 634 ұйғарым шығарылды. Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, салынып жатқан нысандар туралы толық және өзекті ақпарат алу үшін азаматтар үшін 8-705-896-60-00 телефоны бойынша сенім телефоны іске қосылды. 2023 жылы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына осы арна арқылы 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Бөлісу: