Image
Астана
Бөлісу:

Астанада 200-ден астам жетім бала баспана кезегінен айырылып қала жаздады

254
Spread the love

Астанада прокуратура жетім балалардың баспана кезегіне қатысты құқықтарының бұзылу фактілерін анықтады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына қайшы, жетім балалардың тұрғын үй кезегіне тұру құқығынан әділетсіз түрде бас тартылды. Бас тарту 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар арасында тіркеудің жоқтығымен және олардың отбасы мүшелері болып табылмайтын қорғаншыларының мүлікті иеленуімен негізделді. Прокуратураның араласуының нәтижесінде екі жүзден астам жетім бала ресми кезекте тұрғанда баспана алу мүмкіндігіне ие болды.

Дәл осындай оқиға Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылдың мамыр айында орын алып, әкімдік қызметкерлері жетім балаларды баспана тізімінен заңсыз шығарып тастаған болатын.

Бөлісу: