Астана жерді тіркеу үшін блокчейн енгізгісі келеді

Астана жерді тіркеу үшін блокчейн енгізгісі келеді

21 сентября 2017

823


Астанада жер телімдерін тіркеу рәсімінің толық ашықтығын қамтамасыз ететін блокчейн енгізу жоспарлануда.

Бұл туралы брифинг барысында «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Грузия, Швеция және Украина сияқты елдер қазірдің өзінде мемлекеттік басқару саласында блокчейннің мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жер кадастрын блокчейнге көшіру жобасы жүзеге аспақ.

Blockchain — транзакция деректерін сақтауға болатын құрал. Бұл негізінен қаржылық транзакцияларды ғана емес, іс жүзінде кез келген құндылықты жазу үшін бағдарламалауға болатын экономикалық транзакциялардың цифрлық кітабы.

Қалада басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, билік нақты уақытта әртүрлі деректерді оқу үшін сегіз мыңнан астам онлайн сенсорларды орнатуды жоспарлап отыр. Температура сенсорларымен және желдің жылдамдығын ескере отырып, мұздың қай көшелерде пайда болуы ықтимал екенін анықтауға болады.

Бүгінге дейін Астанада 11 түрдегі 5 мың датчик орнатылған. Олар жалпы үйдегі және электр есептегіштерден ақпаратты, ауа температурасы, су құбыры желілеріндегі су қысымы, судың шығыны мен сапасы, ағынды сулардың ағыны туралы мәліметтерді беріп, бейнекамералардың жұмысын қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ құрылғылар қалалық көлік қозғалысын өлшейді, жолаушылар санын есептейді.

Поделиться статьей:

21 сентября 2017

823

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.