Астанада 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді
Елордада шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы брифингте «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ділмұрат Иминов айтты.
Арнайы бағдарлама Астанада 2016 жылы қабылданып, оны жүзеге асыру 2017 жылдың наурыз айында басталды. Оның операторы – «Астана» СПК» АҚ.
Ділмұрат Иминовтың айтуынша, бағдарламаның басты әсері шағын кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашу және заңсыз стихиялық сауданы жою болып табылады. Сондай-ақ стационарлық емес сауда нысандарын елорданың жобалық кодексінің талаптарына сәйкестендіру.
– Жалпы кезең ішінде 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді. 2017 жылы – 438 учаске, 2018 жылы – 178 учаске, 2019 жылы – 116 учаске, 2020 жылы – 67 учаске, 2021 жылы – 32 учаске, 2023 жылы – 44 учаске. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 3 800 мың шаршы метрден асатын 250-ден астам жер учаскесіне қосалқы жалдау шарты жасалды», – деді «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ділмұрат Иминов.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында gosreestr.kz веб-порталында жер учаскелерін қосалқы жалға беру бойынша аукциондар электронды түрде өткізіледі.
– iQala платформасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жер телімін беруге өтініштерді электронды түрде қабылдау сервисі енгізілді, ол статистикалық деректерді және өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазір жер телімдерін беру тетігі 15 кезеңнен тұрады және 4,5 айдан 6 айға дейін созылады», — деді Ділмұрат Иминов.
Дереккөз: kn.kz