Атырауда биіктігі 55 метр болатын айналма дөңгелегі салынады

Атырауда биіктігі 55 метр болатын айналма дөңгелегі салынады

21 февраля 2018

709


Атырауда биіктігі 55 метр дөңгелекті жаңа демалыс саябағы пайда болады.

Бұл туралы қала әкімі Серік Шәпкенов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты, — деп хабарлайды ІІМ. ҚазАқпарат .

Қазіргі таңда Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы Жайық өзенінің жағасындағы саябақтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Саябақтың аумағы 6,5 гектарды құрайды. Оның аумағында жалпы ауданы 3,1 га жасыл екпелер – туя, сирень және арша отырғызылады.

Сондай-ақ биіктігі 55 метрлік айналма дөңгелегі, карусельдер, балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңы, стритворкаут алаңы, скейтбординг алаңы, субұрқақ, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары болады.

«Мұндай саябақ салу қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Облыс басшылығының тапсырмасы бойынша біз қала тұрғындарының ұсыныстарын жинап, олардың барлық тілектерін ескеріп, оңтайлы нұсқаны жұмысқа алдық», — деді Шәпкенов.

Саябақтың құрылысы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүзеге асырылады.

Поделиться статьей:

21 февраля 2018

709

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.