Атырау облысында 36 жел қондырғысы салынады
Атырау облысының Исатай ауданында бірінші жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр.
Электр станциясының қуаты 52 мегаватт. Оны пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. ҚазАқпарат .
«Электр станциясының құрылысы жаңартылатын энергия көздерін құру бағдарламасын әзірлеу аясында жүргізілуде. Жоба жел қондырғыларын салуды, сондай-ақ оларды кейіннен «Атыраужарық» АҚ желілеріне қоса отырып, екі қосалқы станцияның құрылысын қарастырады. Жобаның бастамашысы – «Win Energy Technologies» ЖШС. Жобаның құны 12,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жыл. Құрылыс инвесторлар есебінен жүргізілуде. Станция Атырау облысында өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 13-14 пайызын өндіретін болады», – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.
Құрылыс үшін Каспий теңізінің жағасындағы Манаш ауданы таңдалды. Бұл кездейсоқ емес. Зерттеулерге сәйкес, дәл осы жерде желдер жиі соғады, олардың орташа жылдамдығы секундына 10-12 метрді құрайды.
Электр станциясының тұрақты жұмысы үшін 4 м/с жеткілікті.
Барлығы 36 жел қондырғысын жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жетеуі орнатылып қойған. Олардың әрқайсысының салмағы 230 тоннаға жуық, ал биіктігі 100 метрден асады.