Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Аягөз ауданында 17 отбасына баспана кілті табыс етілді

169
Spread the love

Аягөз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында халықтың әлеуметтік осал санатына енген 17 отбасына көпқабатты тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді.

«Халықты, әсіресе әлеуметтік осал жағдайға тап болғандарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді аудан әкімі Қанат Әділбай.

Жалпы, Аягөз ауданы бойынша 1517 азамат баспана кезегінде тұрған. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аягөз қаласындағы Қабанбай батыр көшесінде салынып жатқан бес қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Фото дереккөзі: Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: