Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Алдағы 4-5 жылда «Самурық-Қазына» қоры Жетісу өңірінде тоғыз көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр

449
Spread the love

Аймақ басшысы Бейбіт Исабаев Жетісу өңірінде жеке тұрғын үй алу кезегінде 30 мың адам тұрғанын, оның 15 мыңнан астамы Талдықорған қаласында екенін айтты.

Биыл 3,5 мың пәтер, оның ішінде Талдықорған қаласына 2,2 мың пәтер беріледі. Бұл кезекте тұрғандардың жалпы санының 14-15 пайызын қамтамасыз етеді. Талдықорған қаласында демеушілер есебінен 180 пәтерлі үш тұрғын үй және әлеуметтік осал отбасылар, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін 27 жеке тұрғын үй салынды.

Алдағы 4-5 жылда «Самурық-Қазына» қоры 560 пәтерлі тоғыз көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – көрсетілген мерзімде кезекте тұрғандар санын 35-40 пайызға азайту. Соның нәтижесінде азаматтар қазіргідей 10-12 жыл күтпей, 4-6 жылдан кейін өз баспаналарына қол жеткізе алады.

Бұл туралы әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Бөлісу: