Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Алғаш рет мемлекеттік сатып алуға кілтін тапсыруға дайын құрылыс енгізіледі

283
Spread the love

Қазақстанда реттелетін сатып алулардағы отандық мазмұнның үлесі 60%-дан асуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында айтты, деп хабарлайды LS.

Ол өткен жылы қазіргі жүйенің мәселелерін жою үшін жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу тапсырылғанын еске салды: ұзақ мерзімдер, бітпейтін өтініштер, ашықтықтың жеткіліксіздігі.

«Үкімет жаңа заң дайындады. Ол бюджет қаражатының ұтымды және есепті жұмсалуына ықпал етуі керек. Екінші жағынан, жаңа жүйе отандық кәсіпкерлікті одан әрі қолдауға және ең бастысы бюджеттік қаржыландыру көмегімен өзекті мәселелерді жедел шешуге тиіс», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, сатып алу процесін жеңілдету және қысқарту, бағадан сапаның басымдылығы қағидатын қамтамасыз ету, яғни демпингке тиімді тосқауыл қою қажет. Президент рәсімдерді толық автоматтандыруды енгізуді тапсырды.

«Алғаш рет мемлекеттік сатып алуларға кілтін тапсыруға дайн тұрған құрылыс құралдары енгізіледі. Шағымдарды қараудың жаңа механизмі мен қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы ашықтық қамтамасыз етілуі керек. Нәтижесінде реттелетін сатып алулардағы қазақстандық мазмұндағы жергілікті үлесі үш жыл ішінде кем дегенде 60% -дан асуы керек.», – деп қосты ол.

Бөлісу: